16 қаң, 2020 сағат 07:42

АҚШ пен Қытай сауда соғысын әлсіретуге бағытталған келісімге қол қойды

АҚШ пен Қытай әлемдік нарыққа қатты әсер етіп, әлемдік экономикаға кері әсерін тигізген сауда соғысын әлсірету туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ВВС.

Вашингтонда өткен кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісім АҚШ экономикасына оң ықпал ететінін мәлімдеді. Ал Қытай тарапы бұл келісім екі мемлекет үшін де ұтымды екенін және екі ел арасындағы қарым-қатынасқа оң ықпал ететінін айтты.

Келісім бойынша Қытай АҚШ импортын 200 млрд долларға жеткізіп, интеллектуалды меншік ережесін күшейтеді. Ал АҚШ Қытай тауарына енгізілген жаңа тарифтерді екі есе қысқартады.

Айта кету керек, АҚШ пен Қытай 2018 жылдан бері тарифтік соғыс жүргізіп келеді. Соның негізінде импортқа қосымша салықтар енгізілген еді. Бұл сауда соғысы жаһандық экономикалық өсімді төмендетіп, инвесторларға кері әсер етті.