03 шіл, 2019 сағат 07:23

Помпео Қазақстанмен арадағы стратегиялық ынтымақтастықтың нығаятынына сенім білдірді

ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Қ Мемлекеттік хатшы АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсететінін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа үкіметімен екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуға үміттенетінін білдірді.

Мемлекеттік хатшы Президент Тоқаевтың Қазақстандағы саяси қатынасты кеңейту және Қазақстан халқы үшін негізгі еркіндікті қорғауды күшейту бойынша әрекеттерін қолдайтынын жеткізді.

Майкл Помпео Қазақстанның Сириядан өз азаматтарын отанына әкелудегі көшбасшылығын жоғары бағалап, Қазақстанды басқа елдермен өз тәжірибесін бөлісуге шақырды.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілікті қолдағанын атап өтті.