07 қар, 2018 сағат 11:13

АҚШ Конгресі тарихындағы ең жас әйел депутат сайланды

Демократтар партиясының мүшесі Александрия Окасио-Кортес АҚШ Конгресіне сайланған ең жас әйел болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратCNN-ге сілтеме жасап.

29 жастағы Окасио-Кортес Өкілдер палатасына Нью-Йорк штаты округтерінің бірінен сайланған. Бұрынғы «рекорд» оның партияласы 30 жасында Конгресс мүшесі болған Элис Стефаникке тиесілі еді.

Окасио-Кортес АҚШ Конгресіне биылғы аралық сайлауда ел назарын аударған жалғыз әйел емес. USA Today хабарына сүйенсек, демократтар - Ильхан Омар мен Рашида Тлаиб АҚШ Конгресіндегі алғашқы мұсылман әйелдер атанған.