28 жел, 2017 сағат 10:34

Ақпарат және коммуникациялар мәселелері туралы заңға түзетулер енгізілді

Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.