26 мам, 2020 сағат 12:01

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің есеп беру кездесуі өтеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2020 жылдың 29 маусымында, сағат 11:00-де, онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халыққа есеп беру кездесуі өтеді. 

Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «ҚазАқпарат» ХАА, Facebook интернет-ресурстарында жүргізіледі.

Сауалдарыңызды: 

- Министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогына;

- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі);

- 8 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жолдауларыңызға болады.