#
#
Дүйсенбі 17/12/2018

Ақордада ҚР Президентінің штандарты көтерілді

  • 01.12.2018
  • 0
  • 564

Бүгін «Ақорда» резиденциясы алдындағы алаңда Қазақстан Республикасы Президентінің штандартын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Елбасының штандартын көтеру рәсімін өткізу үшін резиденция алдында ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, «Айбын», Президент полкінің Құрметті қарауылы сап түзеді. Бұдан кейін штандарт салтанатты жағдайда көтеріліп, Әнұран орындалды. 

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан қолданыла бастады. Штандарт Республика Президентінің төсбелгісі іспетті, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Ол Елбасының Астанадағы резиденциясында тұрады және оның көліктерінде болады. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар