04 ақп, 2019 сағат 16:02

Ақорда табиғат қорғау инспекторлары наградаларының суретін жариялады

Ақорданың Фейсбуктегі парақшасында марапатталған табиғат қорғау инспекторлары Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыктың наградаларының суреті жария етілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еске сала кетсек, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Елбасы Жарлығымен Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары - Ерлан Балғабекұлы Нұрғалиев (марқұм) және Ницык Петр Алексеевич ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.


Еске сала кетсек, инспекторлар Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан «Тойота Лэнд Крузер» көлігіндегілердің соңына түседі. Оларды тоқтатқанда, браконьерлер «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары П.Ницык пен Е.Нұрғалиевті соққыға жыққан.  

Ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмған еді.

Кейін Қызылорда облысындағы арнайы операциясының нәтижесінде жеке үйлердің бірінен Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды.