13 қаң, 2020 сағат 11:19

Ақмолада газ баллоны жарылып, 79 жастағы зейнеткер көз жұмды

Ақмола облысында газ баллоны жарылып 79 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" аумақтық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай қаңтардың 12-сінде Қорғалжын ауданында болған.

«Қорғалжын жедел жәрдем қызметіне «сыйымдылығы 1 литрлік газ баллоны ыстық суға салып жылыту кезінде жарылып кетті» деген ақпарат түсті. Салдарынан 79 жастағы зейнеткер ашық ми жарақатын алып, Қорғалжын аудандық ауруханасына түскен. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды», - деді ведомстводан.