08 сәу, 2021 сағат 16:58

Ақмола облысында үстіне бетон құлаған 16 жастағы жасөспірім мерт болды

Ақмола облысында жазатайым оқиға салдарынан 16 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сәуірдің 8-де сағат 11:00 Есіл аудандық полиция бөліміне аудандық аурухана фельдшері хабарласып, ауруханаға жеткізілген жасөспірімнің қайтыс болғанын айтқан. 

«Анықталғандай, Есіл қаласының 16 жастағы тұрғыны 1-курс студентінің үстіне «Есіл қаласының №7 агротехникалық колледжінің» аумағынан тыс жерде орналасқан көкөніс қоймасына кіре берістегі шатырдан (күнқағардан) бетон плита қалған. Осы оқиға Қылмыстық кодекстің 306 бабының 3 бөлігі «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - деді ведомстводан.