#
#
Cәрсенбі 29/01/2020

Ақмола облысында халықаралық «Қансонар-2019» турнирі өтіп жатыр

  • 13.12.2019
  • 0
  • 437

Көрікті де көркем Бурабай курортында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен халықаралық турнирге түрлі елдердің құспен аң аулау шеберлерін жиналды.

Халықаралық «Қансонар-2019» турнирінің ресми ашылу 12 желтоқсанда Текекөл көлі мен Майбалық демалыс аймағының жанында өтті. Танымды бағдарлама 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Іс-шараның ашылуына Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев қатысты.

Айтпақшы, жыл сайынғы турнир соңғы 15 жыл - көптеген марапаттардың иегері, «КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің аңшылық саудасының үздігі» атағына ие болған, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық еңбегі үшін» медалінің иегері, атақты жерлесіміз Мәріп Батырханұлын еске алуға арналды.

«Біздің атамыз 30-жылдардағы жаппай ашаршылық кезеңінде өз ауылына көмектесіп, адамдарды аштықтан құтқарды. Соғыстың 40-жылдарында, қартайғанда, бүркіттерінің көмегімен ол аң терісін сатып, түскен қаражаттан майданға көмектесті», - дейді немересі Шынарбек Батырханов.

Бүгінгі таңда барлық марапаттар мен растайтын құжаттар Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы.

Аңшы құстармен жарыс біраз жылдан бері халықаралық мәртебеге ие. Биыл Қазақстанның 12 аймағынан, сондай-ақ Ресей, Венгрия, Моңғолия, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және басқа елдерден 45 қатысушы қатысты.

Қатысушыларды тағы екі күн қызықты да танымды бағдарлама, салтанатты жабылу және марапаттау рәсімі күтеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар