#
#
Жұма 22/11/2019

Ақмола облысында археологиялық маусым аяқталды

  • 15.08.2019
  • 0
  • 812

Археологиялық қазабалар әрқашан жастардың тарихқа деген қызығушылығын тудырып, тереңдете түседі, жаңа ғылыми білім береді. Қазбалар нәтижесінде табылатын әртүрлі сынықтар мен ұсақ элементтер ата-бабаларымыздың өмірі мен тұрмысының тұтас бейнесін қалыптастыруға көмектеседі.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Көкшетау техникалық институтының студенттері, Көкшетау қ. мен Зеренді ауданының оқушылары археологиялық экспедицияларға қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.

Экспедиция Ақмола облысындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының «Сакралды география» арнайы жобасы мен «Қазыналы қазба – ұлт құндылығы» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

- Аталған іс-шара Ақмола облысының тарихи-мәдени мұраларын және жалпы археологияны дамытудың «Ауқымды жобасы» болды. Ол іс-шаралар циклін құрады: өңірдің киелі нысандары туралы білім блогын қалыптастыру, оларды кейіннен  оқу орындарында, ғылыми және білім беру орталықтарында  ілгерілету және эскалациялау, экотуризм саласын дамыту, - деп атап өтті орталықтың бас инспекторы Серік Ысқақов.

Мәселен, Зеренді ауданында ерте темір дәуірі кезеңінің жерлеу кезінде 31 артефакт табылған сақ әскерлерінің екі қорымы (б.з. д. VII) табылды.

Бурабай ауданында, Жаңаталап ауылының маңайында археология ескерткіші – Жаңаталап III бейіті орналасқан. Тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының археологтарының жетекшілігімен студенттер, оқушылар қорғау-құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Себебі, қорғау-құтқару жұмыстарыңсыз қорғандар, қоныстар табиғи, антропогендік, адам факторларының салдарынан жоғалуы мүмкін.

Айта кетcек, 2016 жылы зерттелген бұл қорым жерлеу рәсімін көрсетеді және қола дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан тайпаларының орналасу тарихы туралы ақпарат береді. Зерттеу көрсеткендей, қорымда Андронов мәдениетінің қола кезеңіне жататын 6 қорған бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар