06 ақп, 2018 сағат 07:37

Ақмола облысында 237 елдi-мекеннің тарихи атауы қайтарылды

Ақмола облысында ономастикалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 237 елдi мекенге тарихи атаулары қайтарылып, 110 көшеге жаңа атау берiлдi. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыру, туристiк саланы дамытудың жол картасын таныстыру және спорттық федерациялар құру мәселелерi қаралған аппарат мəжiлiсiнде айтылды.

Аппарат мəжiлiсiнде Ақмола облысында мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыру жұмыстары Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының үшiншi кезеңi, яғни 2017-2019 жылдарға арналған облыстық iс-шаралар жоспарына сәйкес негiзгi төрт бағыт бойынша жүргiзiлiп келе жатқандығы жайлы облыстық тiлдердi дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова баяндап бердi.

Осы орайда, аймақ басшысы Мəлiк Мырзалин мемлекеттiк тiлдi дамыту жəне ауқымын кеңейту бағытында қазақ тiлiн балабақшада, мектепте, орта және жоғары оқу орындарында, сонымен қатар тiлдердi оқыту орталықтарында оқытуды желтiлдiру бойынша облыс əкiмдiгi жанынанкеңiстiк орган құру қажеттiгiн атап өттi.

Айта кету керек, биылғы жылы мемлекеттiк тiлдi игеру көрсеткiшi облыс халқының 71 пайызын құрады. Ал мемлекеттiк тiлде қағаз айналымы 98,5 жеттi. Ономастикалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 237 елдi мекенге тарихи атаулары қайтарылса, 110 көшеге жаңа атау берiлдi. Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейтудiң екiншi, Қазақстандықтардың тiлдiк мәдениетiн көтерудiң үшiншi және Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамытудың төртiншi бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мiндеттердiң барлығы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» еңбегiнде айтылған негiзгi ойлармен орайлас жүргiзiлетiн болады.

Бұдан кейiн облыс әкiмiнiң кеңесшiсi Марат Иғалиев Ақмола облысында туризмдi дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасы жобасын таныстырды.

Оның сөзiнше, бұл жоба сегiз блоктан, 100-ден астам iс-шарадан тұрады. Осы бағытта ағымдағы жылы Астана қаласында «Visit Aqmola» маркетингтiк кеңсесiн ашу көзделген. Оған қоса, көктемде өңiрде CityPASS Burabay бiрыңғай туристiк картасын енгiзу сияқты көптеген шаралар қарастырылған.

Аппарат мəжiлiсiнде қысқы Олимпиада ойындарына қатысушылар жайлы және Спорт федерациялары кеңесiн құру жөнiнде облыстық дене тәрбиесi және спорт басқармасының басшысы Наджежда Патюткина хабарлама жасап, мұның спорттың жекелеген түрлерiн дамытуға септiгiнi тигiзерiн айтты. Осы орайда алда құрылатын федерациялар жайлы ақпарат берiлдi.