#
#
Жұма 05/06/2020

Ақмола облысында 19 адам коронавирусты қайтыс болған адамнан жұқтырған

  • 06.04.2020
  • 0
  • 158

Коронавирус табылған 19 науқас - осы дерттен 2 сәуірде қайтыс болған адаммен байланыста болғандар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Бүгін қауіпті инфекция 19 ақмолалықтың бойынан табылды. Олар - 2 сәуірдің қайтыс болған Целиноград ауданының тұрғынымен байланыста болғандар адамдар. 

«Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Жақын байланыста болған 216 анықталды, оның 19-да коронавирус нәтижесі оң болды. Қазіргі кезде диагнозы расталған науқастардың барлығы Нұр-Cұлтан қаласындағы фтизиопульмонология орталығына және Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жатқызылды. Науқастардың ең үлкені 1933 жылғы, ең жасы 1984 жылы туған азаматтар», - дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, облыстың станционарында 423 науқас жатыр.

Жұқпалы аурларда – яғни, 19 науқас Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында.

Провизорлықта – 90 науқас болса, карантиндік стационарда (бақылауда) – 312 адам жатыр. Ал, үй карантинінде 737 адам бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар