#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады

  • 08.11.2018
  • 0
  • 244

Сенбі, 9 қараша Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Астана қаласында көктайғақ болады, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жауады. Облыстың кей жерлерінде бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.

Өскемен қаласында жаңбыр жауып арты қарға ұласады. Бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с күшті жел соғады.

Семей қаласында қар аралас жаңбыр жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар