#
#
Сейсенбі 19/03/2019

Әкімдер су тасқынына дұрыс дайындалмайды - ҚР ІІМ

  • 14.03.2019
  • 0
  • 110

ҚР Ішкі істер министрлігі бірнеше 100-ге жуық елді мекеннің әкімдеріне ескерту жасады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінде республика бойынша су басу қаупі бар 505 елді мекен анықталды. Аталған мекендер Алматы (75), Шығыс Қазақстан (76), Батыс Қазақстан (72), Ақмола (46), Ақтөбе (35), Қарағанды (33), Қызылорда (31), Қостанай (52), Павлодар (14) және Солтүстік Қазақстан (18) облыстарында орналасқан.

«Біз ол елді мекендерді алдын ала анықтаған болатынбыз. Арнайы жол картасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар дайындық жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бірақ кейбір өңірлерде дайындық шаралары ойдағыдай атқарылмайды. Мәселен, Ішкі істер министрлігінің жергілікті құрылымдары елді мекендердің 88 әкіміне ескерту жазып берді. Ондай ауылдар Қарағанды, Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында орналасқан. Бұның бәрі жергілікті әкімдердің көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына немқұрайлы қарап отырғанын көрсетеді», - деп атап крсетті Ю.Ильин.

Айта кетейік, бүгін «Қазгидромет» су тасқынына қатысты болжамын жариялады. Мекеме басшысы Марат Кынатовтың айтуынша, бүгінде бірқатар облыстарда су көлемі артығымен жиналып қалды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында Нұра мен Кеңгір өзендерінде, Ақмола облысында Есіл мен Шағалыда, Солтүстік Қазақсанда Есіл өзенінде, Қостанай облысында Тоғызақ пен Торғайда, Ақтөбе облысында Қосістекте, сондай-ақ, Батыс Қазақстанда Утва, Чижа-2, Дерқұл мен Шаған өзендерінде судың нормасы 120-170 пайызға артық болып тұр. «Әсіресе, Батыс Қазақстан ерекше бақылауға алынды. Ол жақта судың жиналу көлемі нормадан екі есеге артық, ал өткен екі жылмен салыстырғанда екі-үш есеге көп болып тұр», - дейді М.Кынатов. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар