15 қар, 2016 сағат 10:38

Ахметжан Есімов: SAMSUNG «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ғаламдық демеушісіне айналды

- «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы  Ахметжан Есімовтың Оңтүстік Кореяның «Yonhap News Agency»  ақпараттық агенттігіне берген сұхбатын оқырман назарына ұсынамыз.

***

- «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы  - «Болашақ энергиясы». Тақырып туралы және оның өзектілігі жөнінде нақтырақ айтып берсеңіз.

- Әлемде энергияның дәстүрлі қазба көздеріне бағаның төмендеуімен байланысты экономикалық дағдарыс орын алып отыр. Қазірде  жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға  көңіл бөлу арта түсуде. Осы ретте ЭКСПО-2017 жобасы әлем елдерінің жетістіктерімен таныстыру үшін тамаша алаң, сонымен қатар осы салада одан әрі даму үшін қуатты күш болып табылады. Сондықтан біздің Көрме тақырыбының өзектілігі айрықша.

Қазіргі уақытта жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) әлемдік тұтынудың 14%-ға жуығы келеді. 2050 жылға қарай оның жаһандық энергетикалық теңгерімдегі үлесінің ұлғаюы 35%-ға дейін жетеді деп болжанып отыр.

Іс жүзінде дамыған елдердің барлығында бүгінде баламалы энергетикамен байланысты бағдарламалар әзірленіп,  іске асырылуда және Корея осы салады алдыңғы орындардың бірін иемденеді. Кореяның Энергетика министрлігі  жаңартылатын энергия көздері саласына 2020 жылға дейін 36,6 млрд. АҚШ доллары шамасында инвестиция салуға ниетті.

Жалпы алғанда, соңғы 10 жыл ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге салынған жаһандық инвестициялар 3 трлн. АҚШ доллары шамасындағы соманы құрады. Егер 2005 жылы осы мақсаттарға дүние жүзі бойынша 99 млрд. доллар бағытталса, 2015 жылы - 4 есе көп - 380 млрд. доллар бағытталды, олардың  ішінде инвестициялар салу Қытайда - 103 млрд. долл., Еуропада - 48,8 млрд. долл., Азияда - 47,6 млрд, АҚШ-та - 44,1 млрд. долл. құрады.

Тақырыптың өзектілігі сонымен қатар,  әрине, тұрақты дамумен және қоршаған ортаға қосатын үлеспен де анықталады.

Көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы контент арқылы толық көлемінде ашылып  көрсетілетін болады. Мысалы, негізгі объект - жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асатын диаметрі 80 метр Шар 8 қабаттан тұрады, олардың әрқайсысында энергия түрлері (су, күн, жел және т.б.) таныстырылады.

Тақырыптың толық ашылып көрсетілуі тұрғысынан 2 тақырыптық павильон қызықты болып табылатындығы сөзсіз. Бұл павильондардың контентін, айта кетелік, кореялық «Сигонтек» компаниясы әзірлеуде, бұл компанияның ЭКСПО көрмелерінде жұмыс істеу тәжірибесі мол (Милан, Йосу, Шанхай).

Біз Үздік тәжірибелер аймағында (Energy best practices area) таныстырылатын баламалы энергия көздері саласындағы ең жаңа әзірлемелерге ерекше назар аударамыз.

Құрамына көрнекті ғалымдар, оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары енген халықаралық комиссия 133 өтінімді қарап, олардың арасынан 24 жобаны іріктеп алды.

- Кореяның  «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығы құпия емес. Елдің қатысуымен қоса, Астанадағы көрмеге Корея компаниялары қатыса ма? Корея компаниялары Көрме шеңберінде бизнес үшін қандай мүмкіндіктер ала алады?

- Бүгінгі күні, көрмеге қатысатындықтарын 106 ел және 17 халықаралық ұйым растады.  Корея Республикасы Көрмеге өз қатысуын алғашқы болып растағандардың бірі екендігін (2015 ж. тамыз) атап өткім келеді, ал жалпы ауданы 1 125 шаршы метрді алатын Корея павильоны ең үлкен халықаралық павильондардың бірі болады.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы әлемдегі жетекші компаниялармен, соның ішінде кореялық компаниялармен де тығыз ынтымақтастықта екендігі сөзсіз. 

Мысалы, көрмелер саласында көп жылдық тәжірибесі бар, соның ішінде  «ЭКСПО Йосу-2012» көрмесінде контент әзірлеу тәжірибесі бар «Сигонтек» компаниясы біздің Көрменің тақырыптық павильондарының контентін әзірлеуге тартылды.

SAMSUNG әріптестік бағдарламасына қатысады және «Астана ЭКСПО-2017»  көрмесінің ғаламдық демеушісіне айналды.  

Компания демеушілік бағдарламаға қосылып, Көрменің корпоративтік әріптесіне айнала алады. Демеушілік санатына қарай әрбір әріптес белгілі бір артықшылықтарға ие болады.

Әлемдік көлемдегі бірегей маркетингтік тұғырнама негізгі артықшылық болып табылады. Сонымен қатар, демеушілердің белгілі бір санаттары Көрмені өткізу кезеңінде өз тауарларын немесе қызметтерін өткізу айрықша құқығына ие болады. 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейін 93 күн өтетін «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне 5 миллионнан астам  деп күтілуде.

Біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасында қалыптасқан дәстүрлі тығыз қарым-қатынастарды ескере отырып, Оңтүстік Корея туристерді тарту тұрғысынан да, бизнестік қатынастарды дамыту тұрғысынан да басымдықты елдердің бірі болып табылады.

Кореяның бизнес-қоғамдастығының және Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Корея ынтымақтастық орталығының ашылуы өтеді, осы орталық та «Астана ЭКСПО-2017» көрмесін Кореяда ілгерілететін болады.   Сеул қ., 2016 жылғы 10 қараша

inform.kz