21 қыр, 2017 сағат 09:53

АХҚО-дағы исламдық инвестиция үлесі 7 млрд доллардан асады

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңесшісі, Ислам ынтымақтастық ұйымы елдерімен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі сарапшы Ерлан Байдәулет ҚазАқпарат тілшісіне «Астана» халықаралық  қаржы орталығындағы исламдық қаржыландырудың келешегі жайында айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін исламдық банкингтің бірнеше негізгі басымдығы бар. Олар: қаржы  құралдарының серіктестік сипаты, кедейлердің пайдасына тұрақты қайырымдылық төлемдер, айрықша қажетсінгендердің қарызын шығысқа жатқызу мүмкіндігі.  Исламдық банкингте қызметтің адамгершілікке жатпайтын түрлеріне шектеу қойылып, заңды ашықтығы қамтамамыз етілген, ұлты мен конфессиясына қарамастан барлық азаматтарға қызметтің қолжетімділігі. Сонымен қатар сарапшы өзге банктерге қарағанда исламдық банкингтің тауларлар мен қызметтердің шынайы секторымен арадағы үздіксіз байланысын атап өтті.

Ерлан Байдәулеттің сөзіне қарағанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы 2025 жылға дейін 40 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Ал  оның ішіндегі исламдық қаржыландыру үлесі 7 жылдың ішінде 7-8 млрд долларға жетуі ықтимал.

«Келімбетов мырза АХҚО КРІ болжамды санын 2025 жылға дейін 40 млрд доллар деп мәлімдеген болатын. Демек, орташа есеппен таяу 7 жылдың ішінде жыл сайын қаржы орталығының негізгі 5 қызметі бойынша 5-6 млрд доллар тарту жоспарлануда. Яғни, бір бағытта 1,2 млрд доллар көлемінде. Бұл ретте исламдық қаржыландыру қызметінің үлесі 7 жылда 7-8 млрд долларға жуықтайды. Оған еш күмән жоқ», - деді сарапшы.

Оның атап өтуінше, ірі инвесторлар ағылшын құқығы және қажетті тәуелсіз сот сынды инвесторлардың мүддесін қорғауға бағытталған өзге де институттары бар қаржы орталығының операциялық тұрғыда іске қосылуын күтуде.

«Олардың көпшілігімен жеке таныспын. Жалпы бағалауға сәйкес, олардың ғана активі 100 млрд доллардан асып жығылады. Қазіргі уақытта ең бастысы жалпы санның соңына түспей, серіктестік  индустриясының барлық қажетті экожүйесін мақсатты түрде құрып, АХҚО-ның барлық қатысушылары үшін нақты «ойын ережесін» бекіту қажет. Биліктің  мүдделі тұлғалардың жалпы қаржы орталығының бірқалыпты әрі келісілген жұмыс режіміне қандай да бір араласуын болдырмау өте маңызды. Егер белгіленген мерзімнен бұрын 40 млрд доллардан асып жығылатын болса, таң қалмас едім», - деді Байдәулет.