07 жел, 2016 сағат 08:52

Ақберен Елгезек. Тәңірдің таңғажайып миссиясы һәм Әділет заңы

Жаратылыс - бәрімізді: адам, жануар, жәндік, өсімдікті біріктіріп тұрған Тәңірдің ортақ жобасы. Дүниеде мен бәріне байланғам және маған да бәрі байланысты.

Сол себептен, әлемге деген қарым-қатынасың - ол ең алдымен, өзіңе де көзқарасың. Сен бұл жаратылыстың кемелденуіне қызмет етуге тиіссің. Бұл Тәңір тарапынан саған берілген таңғажайып hәм абыройлы миссия.

Осыдан шығатын заңдылық: біреуге зиян тигізу үзілді-кесілді болмайды. Сен ешкімге жақсылық жасамасаң да, жаратылыстағы шексіз шарапатқа ие боласың.

Ал, үйлесімділікті бұзып, біреуге қиянат жасасаң, жазаңды тартасың. Қарапайым ғана қағида болғанмен, бұл Жаратылысты сақтап тұрған Әділет заңы.

Ақберен Елгезектің фейсбуктегі жазбасынан