15 жел, 2016 сағат 17:08

Ақберен Елгезек. Біздің қағандар ешкімге тәуелді болған емес

Біздің қағандар ешкімге тәуелді болған емес.

Керісінше, біздің патшалардың алдында жарты әлем тізесін бүгіп, басын иіп, айбары мен айбатына шыдас бермей, тілерсегі қалтырап тұрған!

Біздің қағандарымызды әлем өздерінің жасаған күнәсі үшін жіберілген "Тәңірдің қаhaры" деп таныған.

Рим империясының тұғырын шайқаған Ғұн мемлекеті, Еуразия кеңістігінде бөрілі байрағы ерен желбіреген Түркі Қағанаты, тариxтағы аумағы бойынша ең үлкен империя - Шыңғысxан қағанаты кімге тәуелді боп, көзі жаутаңдап жүрген екен?!

Күн сайын мемлекетінің іргесін кеңейткен бабаларымызда шекара деген түсінік болған жоқ.

Жалпы, "бабаларымыз ғасырлар бойы азаттық аңсаған" деген сөзге келгенде абай болуымыз керек.

Соңғы бір 300 жылдың 150 жылы Ресейге жартылай бодан, одан кейінгі 150 жылы толық бодан болған уақытты есептемегенде (тариxи есеппен қарағанда көп уақыт емес), біз ешкімге тәуелді болған емеспіз.

Және ешқашан қасиетті Атамекенімізді тастап, дөйдалаға шұбырып қашқан жоқпыз.

Бұл Ұлы Далада бізге дейін де мемлекет болған, бізден кейін де болады!

Себебі, бұл Ұлы саxараны Қазаққа Тәңірдің Өзі еншіге бөліп берген.

Ақберен Елгезектің фэйсбуктағы жазбасынан