19 сәу, 2019 сағат 08:23

"Ақ жолдың" екі үміткері өздерін қолдауды сұрап, бейнеүндеу жолдады

«Ақ жол» партиясы съезінің қарсаңында екі үміткер өздерінің кандидатураларын қолдауды сұрап, партияластарына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақ жол» съезінің қарсаңында Тараз және Өскемен қалаларынан екі үміткер өздерінің кандидатураларын қолдауды сұрап, кезектен тыс Президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірді.

Еске сала кетейік, партияның сайлауға қатысуы және үміткерлерді ұсыну туралы шешім осы жылдың 24 сәуірінде өтетін съезде қабылданады. 13 сәуірдегі «Ақ жол» Орталық кеңесінің пленумы президенттік сайлауға үміткерлерді анықтай алмады.

Айта кетсек, Қуат Рахимбердин - халықаралық сарапшы, партияның Өскемен қалалық мәслихатының 2 шақырылымының депутаты, 2007, 2013 жж. «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері, «Қазақстан Республикасының үздік заңгері, 2016 ж.

Ал, Асан Қошмамбетов - Партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының 3 шақырылым депутаты, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын басқаратын кәсіпкер.