#
#
Сенбі 20/07/2019

«Ақ жолдың» атынан сайлауға түсетін ортақ кандидат анықталмады

  • 15.04.2019
  • 0
  • 832

«Ақ жол» партиясының пленумы президенттік сайлауға партия атынан түсетін үміткерлер бойынша нақты бір шешімге келе алмады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері партияның төрағасын ұсынды. Алайда, Перуашев әріптестерінен тек қана оның кандидатурасымен шектелмей, өзге үміткерлерге мүмкіндік беруін сұрады. «Партия лидерлерінің тізімін кеңейту қажет» екенін айтып, оның тек бір адаммен шектелмеуі тиіс екенін атап өтті. Ол сайлауға түсіп өз мүмкіндігін сынап көрмекші болған бірнеше партияластарымен ақылдасқанын хабарлады. Бірақ олардың аты-жөнін атамады.

Перуашев өз шешімін басқа үміткерлер анықталғаннан кейін қабылдайтынын айтты.

Партия төрағасы өз ұстанымын білдіргеннен кейін, Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар палатасының төрағасы, Петропавл қаласындағы орыс драма театрына арналған «Алаш» пьесасының авторы Евгений Кинцель өзінің кандидатурасын ұсынды. Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Тараз қаласының үш мәрте мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер, жергілікті «Атамекен» палатасын басқарған Асан Қошмамбетов те ниетті екенін жеткізді.

Депутат Қошмамбетовтің өз пікірі бар екенің халық жақсы біледі. Әсіресе, оның мәслихаттың көпшілігіне қарсы шығып, бұрынғы шенеуніктерге емес, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек беруді ұсынғаны жөнінде республикалық БАҚ-та жарияланған болатын.

Белгілі журналист Арман Сқабылұлы Перуашев өздігінен бас тартқан жағдайда партия жаңа демократиялық дәстүрді қалыптастыру мақсатында әйел адамды үміткерлікке ұсынуы қажет деген ойын білдірді. Бұл ұсыныс әріптестердің арасында өткір пікірталас туғызды.

Нәтижесінде, үш сағатқа ұласқан даудан кейін, пленум кандидаттар бойынша нақты бір шешімге келе алмады. Әзірге белгілі болғаны, үміткерлердің арасында Кинцель мен Қошмамбетовтен басқа, кәсіпкерлер, адам құқығы жөніндегі тәуелсіз сарапшы мен журналист те бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар