26 мам, 2017 сағат 13:24

Ақ үй Трамптың Черногория премьерін итеріп жібергеніне қатысты мәлімдеме жасады (Видео)

Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер НАТО-ның Брюсселдегі штаб-пәтерінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович арасында болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ президенті Дональд Трамп Брюсселдегі НАТО-ның жаңа штаб-пәтерін қарау кезінде алдыңғы қатарға шығу үшін алдында тұрған Черногорияның премьер-министрі Душко Марковичті итеріп жіберді.

Twitter желісінде жарияланған видеода Душко Марковичтің Америка президентінің қылығына таңырқап қалғаны байқалады. Трамптың бұл қылығына желі пайдаланушылары наразы болып отыр. 

Спайсер сол оқиғаның бүге-шүгесіне дейін айтып жатудан бас тартқан. "Мен ол видеоны көрмедім", - деді ол. Сонымен қатар АҚШ президенті баспасөз қызметінің басшысы НАТО-ға мүше елдердің көшбасшыларының жүру, тұру ережелері бар сол себепті де Трамп осы сызбаға сай жүріп отырған болуы мүмкін екенін айтты.

Еске салайық, Брюсселдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде осы ұйымға мүше елдердің кездесуі өтіп жатыр. Онда АҚШ-тың лаңкестікпен күрес бойынша альянстың қорғаныс шығындары мен күресін күшейту талаптары талқыланады.

kaz.tengrinews.kz