29 қаң, 2018 сағат 06:54

«Адамзаттағы жаңа ауру – экологиялық жағдайларға тәуелді аурулар»

Ол кандидаттық диссертациясын «генетика» мамандығы бойынша «Адам эмбрионының «іn vitro» жағдайында өсірілген фибробласттарын фракцияланған рентген сәулелерімен сәулелелендіру кезінде химиялық қорғау» тақырыбына арнады. Қоршаған ортаның өндірістік ластаушылары болып табылатын ауыр металдардың (хромның мысалында) генетикалық қауіптілігіне баға беру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Ғылыммен қатар түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанынан Экология проблемалары ғылыми-зерттеу институтын ашып, сол институттың алғашқы директоры болды. Қазіргі кезде биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының пофессоры.Ол отандық ғылыммен бірге, шетелдік ғылыми ортаны да бағындырған академик. Ол ағылшын тіліне жүйрік, қоғам мәселелерінде белсенді –Биғалиев Айтқожа Биғалиұлы. Бүгінде тәжірибелі ұстаз, ғалым 75-ке келіп отыр. Мерейлі жасқа келген ұлағатты ұстазбен қоршаған орта жайлы өрбіген шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- Бүгінде бұқара арасында «экологияның ластануы, климаттың өзгеруі» деген «анықтамалар» жиі айтылады. Бұл пікірлерге қандай алып-қосарыңыз бар?

- Бүгінде дүние жүзіндегі ғажап проблема – жер шары денесі қызуының көтерілуі. Өткен жиырмасыншы ғасырда экологияға әсер етуші факторды  техногендік әсер деп атайтынбыз. Ал бүгінде экологияның өзгеруін антропогендік әсерлердің салдарынан деп айтамыз. Яғни бәрін адам өзі жасап жатыр. Жер шарында антропогендік әсерді сезбеген не жанды, не жерді таба алмайсың. Бақылауға алу өте қиын. Тірі ағзалар, өсімдік, жануар бәрі антропогендік әсерге душар болып отыр.  Барлығы өзгерген түрі. Жүз жылмен қарағанда барлығы өзгерген тіршілік орта. Техногендік даму процесі ғажап нәтижелер берді. Адамзат өзінің тағаммен, жылумен қамтамасыз ету мұқтаждығын қамтамасыз етуі үшін небір жаңа технологияларды игерді. Атом энергиясы, биотехнология пайда болды. Адамзаттағы гендік инжинерия әдісі ашылды, биологиялық қару жасалды. Бұлардың барлығы таңғажайып ғылымның жетістіктері. Алайда ғылымның мұндай небір жаңалықтары адамзатқа, тіршілікке қауіпті екендігін өмір көрсетуде. Ғалымдар ғылым дамыған сайын адамзатты құртып жіберуі мүмкін екендігін түсінді. Адамзаттың әсірінен де, биологиялық факторлардың әсерлерінен де неше түрлі мутациялар пайда болуда. Бұл мәселелер халықаралық дәрежеде ғалымдарды толғандырып отыр. Әлемдік түрлі ғылыми бас қосуларда осы мәселелер көтеріліп те келеді. Өзім де сондай жиындарға қатыстым.

- Ал мұндай ғылыми жаңалықтардың жетістігі деп нені айтар едіңіз?

- Мәселен, биотехнология – ең сапалы, ең қажетті технология. Міне, осы жерде, ГМО-ға дүние жүзіндегі ел, бұқара бәрі қарсы. Бұл ғалымдардың шығарған, таңғажайып жаңалықтарының  нәтижелері. Адамзатты тамақтандыруға үлес қосу. Айтар болсақ, жер шары керемет аграномия әдістерін дамытқанның өзінде барлық тұрғынды азықпен қамтамасыз ете алмайды. Бұл ретте биотехнология әдісі көмекке келеді. Биотехнология әдісі арқылы алынған (нақты айтқанда гендік инженерия әдісі)мен  тағамдағы дәрумендерді көбейтеміз. Яғни, бір өсімдіктен екінші өсімдікке, бір жануардан екінші жануарға гендерді алмастыру. Мұндай әдіс арқылы таңғажайып өнім алуға болады. Әлемдік тәжірибеде бидайдың генін күрішке алмастырып «Алтын күріш» деген өнім алды. Бұл адамзатты тамақтандыруда ғажайып әдіс. Ал оның қауіптілігі неде? Егер ген бақылаудан шығып кетсе, табиғатта сол пайдалангған жаңа сорт, породаны алу ұшын ген жабайы тектес тұрлеріне еніпжаңа мутациялар пайда болып олардың барлығының генетикалық тұрақтылығы өзгеріп кетеді. Бірақ қадағалап жасаса, пайдасы зор.

- Өзіңіз қандай тағам түрлерін тұтынасыз?

- Әр ұлттың ғасырлар бойы эволюциялық жолмен дамып жетілген қоректену типі бар. Мысалы,  біз  көшпенділер өмірбойы жануарлар онімімен мен қоректенгенбіз. Біздің асқазанымыз соған әбден бейімделген. Қазақ кешкісін XIX ғасырда француз саяхатшысы Қапқазға, одан кейін Каспийді жағалап бізге келіпті. Сонда әлгінің былай деп жазғаны бар: «Каспийдің арғы беті көшпенділер аймағы адамға өте қолайсыз. Дегенімен жергілікті халқының дене бітімі мен рухы өте мықты. Жауынгерлері атқа керемет мінеді, шауып келе жатып садақпен дәлдеп ата біледі. Бір қызығы не ересектер, не балалар арасында дәруменжетіспеушілікпен ауыратын жанды кезіктірмедім. Алайда олар жеміс-жидекпен қоректенбейтін», - дейді.  Кейіннен осы мақаладан соң академик Төрегелді Шорманов зерттеу мақаласын жазды. Онда академик қымыздың, сүттің қандай пайдасы бар екенін зерттеді. Сүт, айран ішудің пайдасы жайлы жазды. Айран, сүтті үнемі ішіп жүрген адамда гастрит болмайды. Мәселен құртты алайық, онда қажетті барлық тұз бен майлар бар, ірмішікте ағзаға қажет барлық амитнқышөылдары.  Жануарлар  сол жердің шөбімен қоректенеді, оның етін жеген қазақта барлық қажетті витамин болған.

- Экология өзгерісінің адам ағзасына да әсері қандай дер едіңіз?

- Иә, қазір байқасақ, науқастардың айтатыны:«Бұрын мұндай ауру жоқ еді. Тұқымымызда мұндай аурушаң жан жоқ еді. Бүгінде  экология бұзылды. Тағам құнарсыз» дегенсияқты «шағымдар». Қарасаңыз дұп-дұрыс. Олар өмірден көргенін айтады. Бірақ оның ғылыми дәлелі болу керек. Зерттеуші ғалым ретінде айтар едім, рас жаңа пайда болған факторлар бар. БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымының мәліметінше, адам ауруларының жаңа атаулары бар. Ол - экологиялық жағдайларға тәуелді аурулар.Міне сол аурулардың саны қазірде өршіп тұр.

- Оған төтеп беру үшін не істеу керек?

- Ластаушы заттар ауа, су арқылы тарайды. КИОТАхаттамасы бойынша ауа арқылы шығарылатын қалдық заттарға шектеу лимит қойылады. Шектеуден асып кетсе, айыппұл төленеді. Ол сұмдық қаражат.  БҰҰ-ның Биологиялық алуантүрлілік конвенциясы бар. Яғни, құжат негізінде биоалуантүрлілік сақталмаса, адамзат өзін-өзі жояды, бүкіл тіршілік жойылады. ҚазақстанРеспубликасы 1995 жылы бұл конвенцияны қолдаушы болып кірді. БҰҰ-ның осы конвенцияның жұмысын іске асыру үшін құрылған қоры бар, біз оған жыл сайын 1 млн доллар салып тұрамыз. Ол не үшін керек дейсіз ғой? Кейбір жерлерде экстрималды жағдайлар болып тұрады, апат, химиялық қарудың қолданылуы, міне сол жерлерді залалсыздандыру үшін.

- Күні кеше сіздің мерейтойыңызға арналып «Эколгиялық генетика мен экспериментальды биологияның өзекті проблемалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық ғылыми конференция өтті. Осы жайлы айта өтсеңіз.

- Өзекті тақырыпқа арқау болған, конференцияға Қырғызстан, Ресей, Жапония, Израиль, Францияғалымдар келді. Еліміздің өзге де жоғары оқу орындарынан мамандар қатысты. Қазір техногендік әсерге қатты ұшыраған жерлерде тұқым қуу ауруларының саны өсіп жатыр. Ол біріншіден, Семей полигоны аймағы, одан кейін Арал аймағы, сонымен қатар индустриялдық өңірлер Қарағанды, Жезқазған  және Шығыс Қазақстан. Бұл жерлерде кемтар балалар пайда болуда. Конференцияда Республика бойынша осы мәселемен айналысып жүрген профессор Қуандықов Есенгелдінің баяндамасы тыңдалды. Және бұл дертпен күресудің жолдары талқыланды. Бұл бір ғана мысал. Ғылыми бас қосуда небір өзекті тақырыптар көтерілді.

- Еңбегіңіз жана берсін. Әңгімеңізге көп рахмет.

Сұхбатты жүргізген

Саягүл Әлімбекова