#
#
Жексенбі 17/12/2017

Адамдардың робот сияқты ойлауынан қорқу керек - Apple басшысы

  • 03.12.2017
  • 0
  • 416

Техологияларды адамзаттың жалпы құндылықтарын ескере отырып, енгізу қажет. Бұл туралы Apple басшысы Тим Кук айтты, деп хабарлайды ТАСС

Тим Кук  Қытайда өткен 4-ші Бүкіләлемдік интернетті басқару жөніндегі конференция сөйлеген сөзінде жасанды интеллектіден үрейленудің қажеті жоқ екенін айтты.

«Машиналардың адам сияқты ойлауынан қорқудың қажеті жоқ, керісінше адамдардың роботтар сияқты ойлауынан қорқу керек. Біз технологияларды жалпыадамзаттық құндылықтарға сай етіп енгізу жағын ойластырып жатырмыз», - деді ол.

Тим Куктың айтуынша, корпорация жасанды интеллект технологиялары бойынша «бүкіл адамзаттың игілігі жолында» әлемнің түкпір-түкпіріндегі серіктестермен ынтымақтастық жасауға мүдделі.

Сондай-ақ, ол ашықтық және жасампаздық моральдық нормаларды сақтау мен жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір адамды қорғау мүмкіндігін беретіндігін де жеткізді. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар