#
#
Жұма 06/12/2019

Адам өлтіріп қашып жүрген Түркістан облысының тұрғыны Мәскеуде ұсталды

  • 12.08.2019
  • 0
  • 453

Түркістан облысының полицейлері адам өлтіргені үшін 4 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді Ресей астанасы Мәскеу қаласынан ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Түркістан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Сарыағаш АПБ-нің полицейлері ТО ПД-нің Криминалды полиция қызметкерлерімен бірге 4 жылға жуық іздестіруде жүрген, аса ауыр қылмыс жасаған жергілікті тұрғынды ұстады.

2015 жылы мамыр айында түнгі уақытта Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесіне ауылдардың біріндегі емханаға «екі аяғына оқ тиіп жарақат алған» ер адамның денесі жеткізілгендігі туралы хабарлама келіп түседі.

Тексеру барысында, бір ауылдың екі тұрғыны арасында түсінбеушілік туындап, соңы ерегіске ұласқандығы белгілі болады. Бір тұрғын екі танысының көзінше, ерегескен адамды қос ауыз мылтықпен атып өлтірген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Аса ауыр қылмыс жасаған тұрғын тергеуден бой тасалап жүргендіктен оған халықаралық деңгейде іздестіру жариялайды.

Сарыағаш АПБ полицейлері адам өлтірген күдіктінің Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында жүргендігін анықтап, ұсталады.

1 шілдеде ол Ресейден Шымкент қаласындағы ИЧ-167/11 мекемесіне жеткізілді.

Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ тергеу бөлімшесі осы қылмыстық іске байланысты тергеу амалдарын жүргізуде.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар