20 қаз, 2017 сағат 09:32

Адам өлген соң айналасында не болғанын біліп жатады - америкалық ғалымдар

Нью-Йорк Университетінің жанындағы Langone медициналық орталығының дәрігері Сэм Парния жүрегі тоқтап қалған адамдар бірнеше минут бойы айналасындағы әрекеттерді түсініп жатады деген тұжырым жасады, - деп жазады L!FE.

Маман мен оның командасы Еуропа мен АҚШ-тың клиникалық өлімі тіркелген тұрғындарынан сауалнама алған. Олардың көпшілігі жүрегі тоқтап қалғаннан кейін айналасында не болғанын біліп жатқанын айтқан. 

"Олар дәрігерлер мен медбикелердің қалай жұмыс істегенін, айналасында не көріп, не естігенін айтып берді. Олар білмеуі тиіс дүниелер жайлы айтты", - дейді маман.  

Науқастар айтқан мұндай деректерді реанимация жасаған дәрігерлер растап отыр. Кейбір науқастар жүрегі тоқтап қалғаннан кейін ес біліп қана жатпай, дәрігерлердің оның өлімі туралы әңгімелескенін естігенін айтқан. "Мұны қазіргі ғылым тұрғысында түсіндіру өте қиын" дейді ғалым.

kaz.tengrinews.kz