09 жел, 2019 сағат 14:42

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өткізіледі

Ертең ҚР Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық Адам құқықтары күніне арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның дөңгелек үстелі өтеді. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дерегінше, іс-шара ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен өтіп, оған Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысады.

«Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен және қолданыстағы заңнамасымен кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу өтеді», - деді ол.