#
#
Сейсенбі 22/10/2019

Адам денесіндегі қалдың зияны

  • 28.05.2019
  • 0
  • 11081

Қал көпшілігіміз үшін келбетімізге әдемілік беріп тұратын бөлшектің бірі, алайда барлығы бірдей олай бола бермейді.

Меланома - қалыпты жағдайда теріде орналасатын және күннің ултракүлгін сәулесі әсерінен бояғыш пигмент меланин бөлетін мелноциттердің шектен тыс бөлінуінен туындайтын қатерлі ісік.

«Меланома» терминің гректің “melanos” қара, қоңыр деген мағына білдіреді. Көп жағдайда ісік теріде болады, ауыздың кілегей қабатында, әйелдің жыныс мүшелерінде, асқазан-ішек жолында, көз алмасында болуы мүмкін.

 Адам денесіндегі қал денсаулыққа зиянын тигізбейді, бірақ кейде сол қалдың назар аударуды қажет ететін түрлері кездесіп жатады. Бұл туралы бүгін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы медициналық қызметтер сапасын бақылау бөлімінің басшысы Сандуғаш Болысбекова айтты. Оның мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 1 тоқсанында «терідегі қатерлі ісік» диагнозы бойынша диспансерлік есепте - 961 науқас тіркелген, оның ішінде - 117 науқас меланома диагнозымен тіркелгендер.

«Меланоманың алғашқы белгісі адамдағы қал өлшемінің, пішінінің, түсінің және сезімталдығының өзгеруі, денедегі бар қалдың аумағында жаңадан қара түсті аймақтың пайда болуы, қалдың үстінде қайтадан түзілген қабыршақ және қышу сезімі де аздаған өзгерістері ретінде көріне алады. Сонымен қатар меланома жаңа қал ретінде де түзіле алады. Ол қара түсті, өзгеше болуы мүмкін. Егер денеңіздегі жаңа түзіліс жайлы сұрақтар туындаса немесе алаңдаушылығыңыз болса, дерматовенеролог дәрігеріне қаралғаныңыз жөн» - дейді С. Болысбекова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар