09 шіл, 2018 сағат 14:44

Әбу-Дабидің тақ мұрагері Instagram желісіндегі қолданушыларына Астананы көрсетті

Әбу-Дабидің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян Instagram желісіндегі қолданушыларына Астананы көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратTengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап

Шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян әлеуметтік желідегі парақшасында Астанаға ресми сапары түсірілген видеоны жариялады. Сондай-ақ, ол видеоның сипаттамасына Қазақстанға барғанына қуанышты екенін жазды.

Еске сала кетейік, биыл көктемде Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне барып, Әбу-Дабидің тақ мұрагері, шейх Шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен кездескен болатын.

Мемлекет басшысының айтуынша, бауырмал қарым-қатынас пен жемісті кездесулер екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына екпін береді. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Әбу-Дабидің тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянды Қазақстанға шақырған болатын.