#
#
Жексенбі 19/08/2018

«Әбу-Даби Плаза»-да шетелдіктер қанша жалақы алады?

  • 07.02.2018
  • 0
  • 783

«Әбу-Даби Плаза»-да жұмыс істейтін шетелдік мамандардың жалақысы жергілікті жұмысшылардан төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтің айтуынша, өткен жылы қазақстандық жұмысшылардың жалақысы жоғары болған.

«Мәселен, өткен жылдың тексерісі бойынша қазақстандық жұмысшылардың жалақысы шетелдік мамандардан сәл жоғары екені анықталды. Жаңылмасам, ол жерде шетелдік жұмысшылардың орташа жалақысы 300 доллардың шамасында. Біздікілер сәл жоғары алады», - деді Н.Әлтаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, вице-министр жұмыстан шығарылған жұмысшылар мәселесіне де тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, олардың барлығы мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланып, қызметке тұра алады.

«Бүгінде Астана қаласында 4,5 мың бос жұмыс орны бар. Біз ол вакансияларды жұмысшыларға көрсеттік. Жұмысқа шығатын болсаңыз, сол жерге барып, тұруға болады дедік. 4,5 мың вакансияның ішінде 200-і құрылыс саласына қарасты. Бірақ ол азаматтар бұған онша қызығушылық танытқан жоқ. Өйткені олардың басты талабы - өтемақы алу. Негізі, заңмен ол өтемақы белгіленбеген. Өйткені Еңбек кодексінің бірінші бабында анық жазылған, егер адам уақытша жұмысқа алынса, онда ешқандай өтемақы төленбейді. Ал бір-екі жылға келісімшарт жасалғанда алты айдын кейін қысқарту болса, сонда ғана екі айлық өтемақы төленуі тиіс. Осы жолы компания өкілдері өз еркімен бір айлық төлемақыны беруге келісті», - деп атап көрсетті Н.Әлтаев.    

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар