#
#
Сенбі 17/08/2019

Әбдіқалықова әкімдерден 5 мың грант беру жөніндегі жұмысты аяқтауды сұрады

  • 13.08.2019
  • 0
  • 54

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылының жақындауына орай бірнеше мәселеге назар аудару керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа оқу жылының басталуына бірнеше апта қалды. Соған байланысты Білім және ғылым министрі мен өңір басшыларының назарын бірнеше мәселеге аударғым келеді. Біріншіден, соңғы жылдары бірінші сыныпқа келетін оқушылардың саны көбеюде. Соған байланысты оқушы орындарының жетіспеушілігі ұлғайып келеді. Сондықтан, оқытудың қауіпсіз жағдайын жасау үшін әкімдер мектеп директорларымен, ата-аналармен бірлесіп, балаларын бейімделу, сабақ режімінің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударған жөн», - деді Гүлшара Әбдіқалықова Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің орынбасары екіншіден, алыс ауылдардан оқушыларды тасымалдау мәселесі барын атап өтті.

«Осыған байланысты 184 көлік жетіспеуде. Бұл мәселе назардан тыс қалмауы тиіс. Әкімдіктерде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көпбалалы отбасылардан шыққан талапкерлер үшін бөлінген қосымша 5 мың грант беру жөніндегі жұмысты аяқтауды сұраймын», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин өңір әкімдеріне барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар