14 қаң, 2019 сағат 19:04

Абайдың қос томдығы қайта басылады

2020 жылы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның екі томдық жинағы қайта баслып шығады. Бұл туралы Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева мәлімдеді.

«Бүгінде «Абай әлем тілдерінде» деген жобаны қолға алдық. Абайдың 175 жылдығында жинағын 6 тілде 2020 жылы шығарамыз деп отырмыз. Осы датаға арнайы Абай шығармаларының 2 томдық жинағы қайта қаралып, ішіндегі кейбір түсініктемелер қайтадан жазылып, баспаға дайындалуда. Оған Абайдың осыған дейінгі жинақтарына ілінбей қалған азын-аулақ шығармалары да кіргізілетін болады. Бұл жұмыстарды музей ұжымы абайтанушылармен бірлесе дайындап жатыр», - деді Қайрамбаева.

Қазіргі таңда қорық-музей құрамында Семейдегі бас музей және «Алаш арыстары музейі, Жидебайдағы Абайдың музей үйі, «Шәкәрімнің саят қорасы» музей экспозициясы, Абай-Шәкәрім кесенесі, М.Әуезовтың «Бөрілі музей үйі», абыз ақын Шәкір Әбенұлының музей үйі, Тақырда Көктай Жаңабайұлының музейі, Әсет Найманбайұлының музей үйі бар. Бүгінде музей-қорықта 21 599 жәдігер бар, оның 12 285 – негізгі қорда. Ғылыми кітапхана қорында 13897 кітап бар.

Қайрамбаева 2018 жылы Шәкәрімнің 160 жылдық мерейтойы атап өтілгенін айтты. Осыған орай арнайы shakarim.kz сайты ашылған. Бүгінде музей төрт сайтпен жұмыс істейді.