29 шіл, 2019 сағат 11:12

#Абай175: «Сазген Сазы» Ансамблінің жетекшісі жалпыхалықтық челленджді жалғастырды

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақын шығармаларынан үзінді оқу челленджі жалпыхалықтық сипат алды.

#Абай175 эстафетасын Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы Такео Кавамурадан қабылдап алған ҚР-ның Жапониядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Абайдың өлеңін қазақ және жапон тілінде оқып, әрі қарай «Сазген Сазы» Ансамблінің жетекшісі Бағдат Тілегеновке жолдаған болатын.


Өз кезегінде, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырып, Мифтахетдин Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Салават Сагитовке жолдаған. Тиісінше, ол ұлы ақынның "Көзімнің қарасы" әнін қос тілде нақышына келтіріп орындайды.