19 нау, 2019 сағат 18:00

Абай Бисембаев - ҚР Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай Айдарханұлы Бисембаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметі «А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімін жария етті.

"Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын" делінген мәлімдемеде.