#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Абай атындағы көркемсөз байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 20.09.2019
  • 0
  • 393

Бүгін Талдықорған қаласында Қазақстан халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен байқауды Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті ұйымдастырды.

Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы қатысты.

Әсіресе, көрермендерді оқу шеберлігімен тәнтті еткен Айжан Алқабек, Айсана Әшімхан, Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтінді мәнеріне жеткізіп көрермен жүрегіне жол салды. Олар қазақтың төл дыбыстарын ашық, нақты мәнерлі әрі әуезді жеткізді.

Сахна төрінде Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқылды.

Сондай-ақ Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың және Фариза Оңғарсынованың поэзиялық шығармаларынан оқылған жыр дестелері көпшілік ілтипатына ие болды.

Қазылар алқасының төрағасы - белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәкім, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапай, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, театр, кино және дубляж актері Азамат Шарын, профессор, филология ғылымдарының докторы Мұратбек Иманғазинов Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің жеңімпаздарын анықтады.

Байқаудың бас жүлдесі Айжан Алқабекке бұйырды. Ал, бірінші жүлде Мәди Сәулебекке, екінші Ербақ Құрметжанға, үшінші жүлде екеу оны Әлия Болатова мен Айсана Әшімхан өзара бөлісті. Жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетерлігі, байқау – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыруды көздейді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар