#
#
Сейсенбі 10/12/2019

#Abai175: Швейцарияда 6 елдің студенттері Абай өлеңін оқыды

  • 22.11.2019
  • 0
  • 638

Швейцарияның Глион университетінің студенттері Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швейцарияның Глион (Glion Institute of Higher Education) университетінде білім алып жүрген Иордания, Испания, Италия, Қытай, Ливан және Швейцария жастары өз тілдерінде Абайдың «Күз» өлеңін оқыды.

Науқанды қазақстандық студент Дәулет Ұранхаев ұйымдастырған. Ол курстастарына Абайдың өмірбаянын, қазақ тарихындағы алар орнын түсіндіріп, шағын бейнеролик жасаған.

«Біз Абай-175 эстафетасын сіздерге жолдаймыз», - деді бейнероликте Дәулет Ұранхаев.

Айта кетейік, бүгін Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер Қазақстанға ресми сапармен келді.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Президентімен және Премьер-Министрімен кездесіп, екі елдің іскер топтарының «дөңгелек үстелінде» сөз сөйлейді.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар