17 нау, 2020 сағат 14:56

Абаев бизнесті қолдау үшін Үкімет тарапынан қолға алынған 10 нақты шараны атады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бизнесті қолдау үшін Үкімет тарапынан қолға алынған 10 нақты шараны атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде ұлт денсаулығы үшін күрес - күнтәртібіндегі басты мәселе. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шекдессіз шектеу шараларын енгізіліп жатыр. Дегенмен, мұндай жағдайда бизнес әлеуметтік әл-ауқаттың тірегі ретінде мемлекеттік мүдделерден тысқарыл қалып қоймауы тиіс. Дәл сондықтан Үкімет Президенттің тапсырмасымен өмірлік маңызы бар шаралар топтамасын әзірледі. Бұл ақпарат БАҚ-та жан-жақты таралып жатыр. Бірақ 10 негізгі қадам тіздесін тағы бір бөле-жара көрсету жөн деп шештім», - деп жазды министр facebook парақшасында . 

Оның атап өтуінше, біріншіден, бизнесті кредиттеу 1 трлн теңгеге дейін кеңейтіледі. Қаражат отандық өндірушілерді қолдауға бағытталады. Кредит бойынша соңғы мөлшерлеме - 6 пайыз. Екіншіден, орта бизнесті тексерулер саны қысқарадаы. Шағын және микробизнесті тексеруге қазіргі уақытта мораторий жариялаған. 

Үшіншіден, ірі сауда нысандарына, кинотеатрлар мен спорттық нысандарға мүлікке арналған салықтан 1 жылға босату арқылысалықтық ынталандыру көзделген. Төртіншіден, 7 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге салық төлеуден босатылады. 

Бесіншіден, жеке кәсіпкерлерде табыс салығына босату көделіп отыр. 

Алтыншыдан, Жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы әзірленеді. Жалпы қаржыландыру 300 млрд теңгені құрайды. Өңірлерде жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен 120 мың жұмыс орны құрылады. Төтенше жағдай кезінде жеке тұлғалардың кепілсіз тұтынушылық салықтары бойынша 90 күннен артық мерзімі өтіп кеткенде айыппұл есептеуге тыйым салынады. Жеке тұлғаларға 12 айдың ішінде мерзімі өтіп кеткен берешектерінің 50 пайыздан астамын өтеген кезде несие тарихын түзетуге мүмкіндік беріледі. Төтенше жағдай кезінде жеке және заңды тұлғалардың займдары мен микрокредиттер бойынша төлем мерзімі кешіктірілгеніне байланысты айыппұлдар салынбайды. Оныншыдан, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қаржылық жағдайлары нашарлаған шағын және орта бизнес субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге 90 күнге дейінгі мерзімге займдары бойынша төлемді кейінгі қалдыруға рұқсат беріледі.