08 қар, 2018 сағат 14:21

Абаев "Астананы" қолдауға шақырды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды "Астана" футбол командасын қолдауға шақырды.

"Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында "Астана" футбол клубы өз алаңында чехиялық "Яблонецпен" ойнайды. Жігіттерімізді бірге қолдайық" - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Астана» командасы өз алаңында Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 4-турында Чехияның «Яблонец» командасына қарсы ойнайды.