#
#
Сейсенбі 24/09/2019

АӘК-ні заңсыз алғандарға қандай шара қолданылады?

  • 19.08.2019
  • 0
  • 209

egov.kz порталында «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына енгізілетін өзгерістер талқылауға шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында өтініш берушінің жалған ақпаратты және (немесе) дұрыс емес мәліметтер көрсеткен фактілер мен деректер анықталған жағдайда, орталық немесе әкім ауылдық жерде тиісті фактілер немесе мәліметтер анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді», - делінген құжатта.

Құжатта артығымен төленген немесе негізсіз төленген сомалар туралы фактілер белгіленген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек алушыға ақшаны ерікті түрде қайтару туралы жазбаша хабарлама жібереді. Хабарлама жіберілген күннен бастап АӘК-ні төлеу тоқтатылады.

Атаулы әлеуметтік көмекті артығымен немесе негізсіз алған азамат оны хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде қайтармаса, уәкілетті орган аталған соманы қайтару бойынша сот тәртібімен шаралар қабылдайды. Сотқа арыз атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен беріледі.

2019 жылғы 15 тамыздағы деректерге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекпен 1,8 млн қазақстандық қамтылған. Әлеуметтік төлем алатын тұрғындары көп өңір Түркістан облысы - 498,7 мың адам. Алматы облысында 225,4 мың, Шымкент қаласында 216,3 мың адам алады. Әлеуеттік көмек алушылардың шамамен 42 пайызы қала, ал 58 пайызы ауыл тұрғындары. 1 тамыздағы дерекке сәйкес, төленген атаулы әлеуметтік көмек сомасы 103 млрд теңге. Бір отбасыға берілетін төлемнің орташа көлемі айына 86 мың теңгені құрайды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар