07 сәу, 2021 сағат 21:54

8 сәуірде ел аумағында ауа райы құбылмалы болады

Синоптиктер 8 сәуір күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

ҚР басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста және орталықта жауын-шашын жаумайды. 

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде жел екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.