#
#
Дүйсенбі 24/09/2018

8 сәуір еліміздің көп бөлігінде найзағай ойнап, дауыл соғады

  • 08.04.2018
  • 0
  • 1302

Синоптиктер 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Метеорологтардың хабарлауынша, ертең, 8 сәуірде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, тек оңтүстік-батыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

"Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел күшейеді, түнде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, желдің шаңды дауылмен күшеюі күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміздің оңтүстігінде үсіктің жүретінін ескертті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар