20 мам, 2019 сағат 10:36

«7-20-25» бағдарламасы: Несие беруге 7,7 мың өтініш мақұлданды

ҚР Ұлтық банкі «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 млрд теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 млрд теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарға «Баспана» ипотекалық ұйымы + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша жауап береді. Байланыс нөмірлері тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның интернет-ресурсында қосымша мағлұматтар алуға болады.