07 жел, 2018 сағат 12:07

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие рәсімдегендердің дені жастар

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының біріншісі «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» болатын. «Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан ресурстар ұсынатын тетіктер қажет», – деген еді Елбасы.  Осы негізде мемлекет басшысы «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынды. Бүгінде аталмыш бағдарламаға несие рәсімдегендердің дені жастар.

Статистикаға сүйенсек, бағдарлама бойынша ипотека алып жатқандар 25-35 жас аралығындағы азаматтар. Несие рәсімдеп жатқандардың 54,8%-ы ерлер болса, 45,2%-ы әйелдер. Алматы, Астана, Ақтау және Атырау қалаларында банктік клиенттің орташа кірісі – 341 мың теңге. Осы қалалардағы займның орташа мөлшері – 13,34 млн теңге. Бұл дегеніміз аталмыш қалалар бағдарламасы бойынша ипотека алудың көш басында тұр деген сөз.

Сондай-ақ қазақстандықтар несиені орташа есеппен 20,3 жылға рәсімдеп жатыр. Көбісі бір және екі бөлмелі пәтер алуға өтініш берген.

Қостанайлықтар «7-20-25» бағдарламасы бойынша 200 млн теңгеге үй алды

Үй алғандардың көбі жас отбасылар. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қостанайлықтар өзге аймақтармен салыстырғанда қымбат емес пәтерлерді сатып алып жатыр. Сатып алынған ипотекалық үйдің орташа бағасы – 8-9 млн теңге. Облыс орталығындағы пәтерлерде 1 шаршы метр160-200 мың теңге тұрады. Бағаның төмен-жоғарылығына пәтер орналасқан қабат пен аудан әсер етеді. Қазір «7-20-25» бағдарламасына ұсынылып жатқан коммерциялық үй салушылардың 343 пәтері бар. Жас отбасылар көбіне бір не екі бөлмелі үй алуға тырысады. Алғашқы төлемін төлеуге ата-аналары көмектесіп, пәтер алады да, ары қарай ай ма ай төлемді өздері жасайды.

Бағдарлама бойынша үй алғандардың бірі – Айса Сапарғалиев. Екі бөлмеге несие рәсімдеген жас жігіт айма-ай 60 мыңнан 25 жыл төлейді. Оның айтуынша, әзір отбасы құрмағандықтан пәтердің ақысын ай сайын төлей алады. Банкке құятын алғашқы төлемі болғандықтан, несие рәсімдеуде ешқандай қиындық тумаған.

– Айлық төлем арзандау шығу үшін 25 жылға алдым. Жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар үшін бұл үй алудың оңтайлы мүмкіндігі деп есептеймін. Жылына 7% деген өте тиімді әрі төмен мөлшерлеме, – дейді Айса Сапарғалиев.

Бағдарлама арқылы үй алу үшін жеке пәтеріңіз болмауы керек

Қазір бағдарламаға өтінішті 7 банк қабылдайды. Олар: ForteBank, Цеснабанк пен  Центр кредит, АТФ, RBK, Халық банктері.

Бағдарламаның артықшылығының бірі – ҚР азаматы кез келген үйден кез келген пәтер ала алады. Алдымен алғысы келген пәтерді іздеп табады. Сонан соң банкке барып, несие рәсімдейді. Тұтынушыға жеке пәтірі мен өзге ипотекалық несиесінің болмауы, пәтер үшін ай сайын төлем жасай алу талаптары қойылады. Егер 10 млн теңге тұратын пәтер алғыңыз келсе, алғашқы 20 пайыздың төлем ретінде 2 млн теңге салады. Пәтерге кіргеннен кейінгі ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Соған сәйкес несие рәсімдеушінің ай сайынғы кірісі 120 мың теңгеден кем болмауы тиіс. Өйткені ереже бойынша несиенің ай сайынғы төлемі кірістің жартысына жете алуы қажет.

Тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте бағдарламаға өзгерістер енгізілді. Шымкент қаласы мен Астана, Алматының қала маңындағы үйлер 25 млн теңгеге дейін баратын қымбат үйлерге жатқызылды. Бастапқы тұрғын үй тұжырымдамасы әкімдіктер мен құрылыс инвесторлары жүзеге асыратын тұрғын үй есебінен кеңейтілді.Тұрғын үймен қамтамасыз етуді ынталандыру жөніндегі шаралар қолға алынып жатыр. Сондай-ақ «Баспана» ипотекалық ұйымы үшін жергілікті атқарушы органдардың теңгедегі облигацияларын тұрғын үй құрылысы үшін нарықтықтағы төлем бойынша сатып алу механизмі ұсынылды.

Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев бағдарлама азаматтар арасында тәуелділікті тудырмауы керектігін айтқан болатын. Бағдарлама төмен пайыздық мөлшерлемелер мен ұзақ мерзімді несие шарттарында әлеуметтік назар аударады, бірақ ол ипотека болып қалады. Бұл қарызды өтеу үшін ресми түрде расталды.

Халықтың төлемге деген сұранысы – бағдарламаның табысты болуының негізгі факторы. Одан әрі ынталандыру үшін Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары қажет.