06 мам, 2020 сағат 15:45

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 17,4 мың өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 29 756 өтінім қабылданды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша несие алуға 338,81 млрд теңге сомасына 29 756 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 200,20 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 430 өтінім мақұлданды»,– деп хабарлады Ұлттық банк.

Еске салайық, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына - 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна - 20% бастап. Несие мерзімі - 25 жыл.