30 шіл, 2019 сағат 12:53

«7-20-25» аясында 9 442 өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге арналған 9 442 өтінім мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.  

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша 181,5 млрд теңге сомаға қарыз алуға 16 084 өтінім қабылданды. Оның ішінде 108,4 млрд теңге сомаға қарыз алуға 9 442 өтінім мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасына қатысты азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласып, жауап ала алады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қосымша ақпаратпен танысуға болады», - делінген хабарламада.  

Естеріңізге сала кетейік, 22 шілдедегі жағдай бойынша 9 322 өтініш мақұлданған болатын.