18 қаң, 2018 сағат 10:55

52 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік өрттің видеосы

Желіде Ақтөбеде өртенген автобустың суреттері мен оқиға болған тұстан түсірілген видеолар пайда болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың екеуі - Қазақстан, ал қалғандары - Өзбекстан азаматтары. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.

Оқиға орнына полиция, төтенше жағдайлар қызметі, психологтар мен дәрігерлер жетті. Ырғыз аудандық ауруханасы 6 маманды жіберді. 

Қазіргі кезде Ақтөбе облысының орталығынан санавиация қызметі ұшып кетті. Өрттен аман қалғандар орталыққа жеткізілуі мүмкін.