11 шіл, 2019 сағат 11:01

45 градус ыстық: Екі өңірде ескерту жарияланды

Аптап ыстыққа байланысты Қызылорда және Ақмола облысының кей жерлерінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

12-14 шілде күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде 45 градусқа дейін аптап ыстық болады.

12 шілдеде Ақмола облысының басым бөлігінде, 13-14 шілде күндері кей жерлерде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал.  

Ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.