10 шіл, 2019 сағат 10:48

"43 градус ыстық": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Синоптиктер 11-13 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынына болжам жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Шілденің ортасына қарай жаздың ең ыстық кезеңі басталады. Алдағы үш күнде күн райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз сынап бағаны 30-38°С, кей жерлерде тіпті 40...43°С-ты көрсетеді. Бұл көп жылдық орташа мәннен жоғары», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, тек батыс өңірлерде ғана жаңбыр себелеп өтуі мүмкін, сонда да басқа өңірлердегі сияқты күн қатты ысиды.  

Ірі қалалардағы ауа райы

11 шілдеде Нұр-Сұлтанда түнде ауа температурасы 18 градус нөлден жоғары болса, күндіз 29 градус аптап ыстық болады. Алматыда түнде 21 градус ыстық болса, күндіз 31 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте түнде +26 градус, күндіз +39 градус аптап ыстық болады.

12 шілдеде елордада түнде ауа температурасы плюс 22 градус болса, күндіз 30 градусқа дейін ысиды. Оңтүстік астанада түнде 22 градус, күндіз 34 градус аптап ыстық болады. Шымкентте түнде +28 градус, күндіз +40 градусқа жетеді.

13 шілдеде Нұр-Сұлтанда түнде 20 градус, күндіз 29 градус ыстық болады. Алматыда түнде 24 градус нөлден жоғары, күндіз 33 градус ыстық болады. Шымкентте түнде – плюс 29 градус, күндіз – плюс 39 градус.