01 сәу, 2020 сағат 15:01

42,5 мың теңгені ешқандай құжатсыз, жай өтініш арқылы алуға болады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алу үшін ешқандай құжаттың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз жұмыс берушілерді жұмыс орындарын, жұмысшылардың жалақысын сақтауға, қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беруге және ақылы еңбек демалысқа жіберуге шақырған болатынбыз. Бірақ өкінішке қарай, көпшілік мекеме, әсіресе орта және шағын бизнес өкілдерінің бұл талаптарды орындауға мүмкіндігі болмай отыр. Олар жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберуге, тіпті қысқартуға мәжбүр. Оның үстіне елімізде өз бетінше жұмыс істеп жүрген азаматтар да табысынан айырылуда. Елімізде статистика бойынша өзін өзі жұмыспен қамтыған 2 млн адам бар. Осыған байланысты Президенттің 23 наурыздағы тапсырмасына сәйкес төтенше жағдайда Мемлекеттік сақтандыру қорынан табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге әлеуметтік төлем енгізілді. Алғашқы 1 мыңнан астам адам оны ала бастады», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша Мемлекет басшысы осы әлеуметтік төлемді алу мәселесін жеңілдетуді тапсырған.

«Осыған балйанысты тәртіпті өзгертудеміз. Сонымен бүгін Мемлекеттік сақтандыру қорынан 42500 теңгені кім алады? Ол біріншіден жалдамалы қызметкерлер – орта және шағын кәсіпорындарда ақысыз демалысқа жіберілген жұмысшылар. Карантин жарияланған қалаларда бұл санатқа ірі кәсіпорындарда жатады. Екіншісі – жеке тұлғалар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлер бар - 1,5 млн азамат. Жеке практикамен айналысып жүрген (жеке адвокаттар, сот орындаушылар, нотариустар) 2 мыңнан астам осындай азамат бар. Фрилансерден де 180 мың бар. Олар да табыстарынан айырылуда. Соңғы 12 айда Бірыңғай жиынтық көлемін төлеген 316 мың адам бар», - деді ол.

Әлеуметтік төлемді алу үшін азаматтарымыз не істеуі керек? Қайда және қандай құжат тапсыру керек? 

«Біріншіден енді ешқандай құжатты тапсырудың қажеті жоқ. Тек өтініш беріледі. Жұмыс беруші өзінің өтінішінде жұмысшыларының тізімін қосады. Бұл жерде табыстан айырылғанның төтенше жағдайға байланысты екенін ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ. Өтініште көсретілген мәліметтер қабылданады. Екіншіден бәрі электронды түрде болады. Өтініш тапсыру жағынан көптеген халық тарапынан сұра, қиындық болып жатыр. Сондықтан біраз техникалық шешімдерді іске асырып жатырмыз», - деді ол.