25 қыр, 2018 сағат 20:26

400 жыл бұрын суға батқан кеме табылды (Видео)

Археологтар Португалия жағалауына жақын маңда осыдан 400 жыл бұрын суға батып кеткен сауда кемесін тапты, деп хабарлайды bbc.com.

«Тарихшылардың  пікірінше, Португалия үшін бұл - соңғы ондаған жылдар көлеміндегі тарихта өзіндік орын алар маңызды жаңалық», - дейді археологиялық экспедицияның басшысы Жорже Фрейре.

Кемені Лиссабонға жақын орналасқан Кашкайш қаласына таяу жерде, 12 метр тереңдіктен тапты.


Суға батқан корабльдің  маңында керамикалық ыдыстар, Португалия гербі бар зеңбіректер шашылып жатқан.

Археологтардың пайымынша, судно Үндістаннан қайтып келе жатқан. Шамамен 1575 - 1625 жылдар аралығында суға батқан болуы ықтимал.